7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М071 Инженерия және инженерлік іс(Даярлау бағыты)
М100 Автоматтандыру және басқару(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты:
Агроөнеркәсіптік кешеннің азық-түлік және өңдеу салаларындағы технологиялық үдерістерді автоматтандыру бағыты бойынша, сондай-ақ білім беру, ғылыми-зерттеу, жүйелерді жобалау, құру, дамыту және оларды басқару дағдыларын жоғарғы деңгейде меңгерген білікті мамандарды даярлау
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
Зерттеулерді және күрделі эксперименттер мен бақылауларды заманауи аналитикалық және сандық тәсілдерді қолдана отырып атқару, зерттеу нәтижелерін автоматтандыру саласындағы ғылыми және практикалық маңызды мәселелерді шешу үшін қолдана білу.
Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікірлерін қалыптастыру үшін ақпарат жинайды және түсіндіреді, кәсіби қызмет саласындағы мақсаттарды қою кезінде жалпылауға, талдауға, сыни тұрғыдан ойлауға, жүйелеуге, болжауға қабілетті.
Интеллектуалдық және аналитикалық қабілеттіліктері дамыған, ғылыми ойлау мәдениеті қалыптасқан, мемлекеттік және шет тілдеріндегі әдеби, іскерлік және ауызша сөйлеуді қолдануға бейімді.
Оқытудың инновациялық және интерактивті әдістерін білім беру үдерісіне енгізеді, кәсіби салада одан әрі білім беруді өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын көрсетеді.
Автоматтандыру саласында экономикалық тиімді автоматтандырылған жүйелерді құру және ендіру барысында заманауи прогрессивті технологияларды және жабдықтарды, теориялық білімді, жобалаудың заманауи принциптері мен тәсілдерін қолдану
Инновациялық мәселелерді ұйымдастыру барысында қажетті жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу, зерттеудің, жобалаудың және заманауи автоматты басқару жүйелерін ендірудің техникалық және экономикалық тиімділігін бағалау.
Кәсіпорындағы сапа менеджменті жүйесін құруға, әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеуге, техникалық құжаттамаларды сараптауға және қызметкерлердің ғылыми-техникалық білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады
Кәсіби деңгейде өзінің білімін, түсінігін және жаңа ортадағы мәселелерді шешу қабілетін кең пәнаралық жағдайда қолданады.